ЖАҢА ЖЫЛ ЖӘНЕ ДІН
Біріншіден, ғылми жақтан алғанда 21-22 желтоқсан – ТОҚЫРАУ күі. Бұл кезде ең қысқа күн өтіп, сосын күннің шығу уақыты ұзара бастайды. Міне бұл түркі халықтарында аталып өтіп отырған. Түркілер бұл күнді жарықтың қараңғыны жеңуі ретінде тойлаған болуы бек мүмкін.
Екіншіден, тарихи жағыдайдан алғанда сонау жыл санаудан бұрынғы кездерде елде жылуы тартылған пеші болмағаны әрі көп адам сятын залы болмағаны белгілі. Сол себепті жұрттың сыртқа үлкен ОТТЫ жағып, сол жылы отты қоралана отырып жақсы тілектер айтуы заңды құбылыс. Оттың маздап жануы үшін оған май салу да түсінікті жағдай. Бұл жерде ешқандай отқа табыну мен оны құдай санау амалы көрініп тұрған жоқ. Түркілер Тәңірді(Алла Тағала) бар әрі жалғыз, аспанда деп сенді әрі қазіргі адамзат қоғамынан да жоғары деңгейдегі парасат пен пайымға, рухани түйсікке сүйеніп өмір сүрді.
Үшіншіден, Түркілердің Тәңірге табынғаны шын, ол Тәңірі – бір ғана Алла- тағала болатын. Ал оның тонын теріс айналдырып тарих етіп жазу – Орыс отаршылдарының саяси мақсатына құрылған тұзақ болатын.
Төртіншіден, «патшанікі – уәжіп». Мемлекет белгілеген мерекені мерекелеу, туыс-туған, әке-шешесіне силық жасап, қуанту – сауапқа толы іс. Бұл Құранда да жазылған ақиқат.
Бесіншіден, кезкелген мерекені тойлауда: мейлі діни мереке болсын оны қалай тойлау әр адамның өзіне байланысты. Мұсұлманша тойласа ешкім қарсы емес. Ал арақ-шарапты суша шашып, ар-ұждандарын төксе, басқа затқа «Құдай осы» деп табынса онда ондай адамдар кезкелген мерекеге лайықты емес. Бұл жерде тек ниет пен амал дұрыс болса болды. Барлық мерекені өз қажетіне қарай тойлауға болады.
Алтыншыдан, Алла-тағалаға тілек тілеп, дұға жасау, Пайғампардан шапаға тілеу, Аруақтарға арнап нәзір-шырақ беріп, разылығын дәмету – дұрыс ниетке құрылған дұрыс амал! Оны «Аллаға серік қосты» деп санау – дінді бұзып, адамдардың сенімдеріне қылау түсіру немесе береке-бірілігін бүлдіру үшін жасалған қастандық деп түсіну керек.
Жетіншіден, «Алһамді» білгеннің бәрі молла болып, уағыз айту – барып тұрған топастық, дүмшелік. Парасаты мен паймы, сәуясы мен қабілеті жеткен мүмин ғана имам болуға, уағыз айтуға құқылы. Мүфтиәттің пәтуасын тыңдамай, «тек өздерінікін дұрыс санайтын» дін атын жамылған топтар адам үшін де қоғам үшін де жегі құрт, қаской саясаттың құлдары. Олардан сақтану және оларға қарсы тұру – әр азаматтың борышы!
Соңында сіздерді келе жатқан жаңа жылдарыңызбен құттықтаймын. Тәңір әрбір жақсы тілектеріңді қабыл етсін! Бастарыңыз аман, бауырларыңыз бүтін болсын! Елміз тыныш, балаларымыздың болашағы нұрлы болсын! Пайғампардың шапағаты тисін, ата-баба аруағы риза болсын!
http://altyalash.kz/2015/12/31/31122015/